Kazakh Belarusian English French German Italian Portuguese Russian Spanish Ukrainian

Алматы хайуанаттар бағы

logo1000letalmaty

Хайуанаттар бағы, зоопарк – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.

Басты міндеті: Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау.


zoo1


Алғаш хайуанаттар бағы б.з – дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда ( “Білім бағы” деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18-19 ғасырларда ашылды (Венада 1752, Мадритте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде 1864 жылы, тағы басқа).

Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайуанаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы, Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.


zoo2


Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Аустралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 ж. құрылған. Жер көлемі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат,т.б. аңдар бар.


zoo3


Шымкент хайуанаттар бағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Алматы хайуанханасы — Қазақстандағы Алматы қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі.

ТМД елдеріндегі 33 зообақтың үшеуі Қазақстанда. Солардың бірі – 1937 жылы ашылған Алматы орталық хайуанаттар бағы.

Бақтың ашылу тарихы Бақанас өңірінің тумасы, Алаш қайраткері Мырзахан Төлебаевтың есімімен тікелей байланысты. Әрине, бұл туралы көпшілік ортада көп айтыла бермейді. Дегенмен осы турасында айта өткеніміз абзал.

Жер-орман шаруашылығы училищесін бітіріп, қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірге етене араласқан Мырзахан Төлебаевқа 1935 жылы Алматы хайуанаттар бағының құрылыс орнын таңдау жүктеледі. Алғашқы таңдалған орын тастақ мөлтекауданындағы құмды алаңқай болатын. Мырзахан Төлебаев болса, болашақ ашылатын зообақ орнын М. Горький атындағы мәдени демалыс бағы орналасқан жерді белгілейді. Ол кезде бар болғаны бақшалы аумақта екі үй қалқиып тұратын. Төлебаев идеясын өзге де Басқару үйіндегі жер шаруашылығындағы өкілдер қолдап, хайуанаттар бағының алғашқы қазығы қағылады. 1937 жылы 1 маусымда ол «Социалистік Азия» газетінде жаңа бақтың ашылуы турасында көлдей мақала жариялайды. Көп созылмай қыркүйек айында хайуанаттар бағы жұмыс істей бастайды. Зообақты алғаш мекен еткен аю, арыстан сынды аңдар екен. Сондай-ақ Мәскеу зообағынан көптеген жан-жануар, хайуанаттар әкелінеді.


zoo4


Ашылғанына сексен жылға таяған демалыс орнының бүгінгі хал-күйі қалай, енді сол туралы аз-кем сыр шертсек. Алматыға алғаш келгенімізде (ол кезде кішкентаймын) таңырқай тамашалағанымызбен, бұл кезекте арнайы сапар болған соң жіті бақылауда, басқа көзқараспен бақ ішін шолдық.

Алматы хайуанаттар бағы, расымен де, аң мен құсқа, жәндікке, жан-жануарға толы. Әлемнің зообайлығын 21 гектар жерге сыйдырып тұрған тамаша мекеме. Тарам-тарам жолдары арқылы әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін, мекендейтін тіршілік иелерін топтастырған бөліктерінде бірқанша таңғалыс сезімі еріксіз бойыңды билемей қоймайды. Адам көзі көруге, қызығуға, таңырқауға құмар екені белгілі ғой.

Әр жыл сайын бүткіл дүние жүзі хайуанаттар бағы бойынша жануарлар санағы жүріп жатады. Алматы бағында да санақ өтіледі.

Бұл санақты хайуанаттар бағының жетекшілігі, секция меңгерушісі, сонымен қатар алғаш рет бұған тәрбиеші мүшесі қатысып отыр.

Алматы хайуанаттар бағында 5674 жануарлар бар, 346 түрге жататын. Соның іщінде: 74 – сүтқоректі, 124 – құстың түрі, 56 – бауырмен жорғалаушылар, 3 – жермен жорғалаушылар, 84 – балықтың түрі, 5 – омыртқасыздар түрі.

Қызыл кітапқа 29 түрі еңген болатын (1 бауырмен жорғалаушы, 20 құстың түрі, 9 сүтқоректі түрі).


Processed by: Helicon Filter;


Меңгерушінің айтуы бойынша: бұл топ жылына 200 кг – ет, 580 кг – шөп, 205 кг – бидай, 186 кг – сәбіз, 101 кг – картоп, 65 кг – қызылша, 60 кг – орамжапырақ, 30 кг – алма, 4 кг – банан, 3 кг – анар, 2 кг – апельсин, 4 кг – жүзім жейді. Қыс кезінде бөліктері көбейтіледі.

Алматы хайуанаттар бағы – түрлерді сақтаудың Еуропа бағдарламасына (ЕЕР) енген барлық жыртқыш құстар көбейіп жатқан Еуропа мен ТМД-дағы бірден-бір хайуанаттар бағы. Ірі күмбез тәрізді жасанды жартасты торлы орындарда дала бүркіттері, сақалтайлар, құмайлар, су бүркіттері, ал жасанды тоғандарда – аққудың, үйректің, қаздардың, тырнаның түр-түрі жүр. Хайуанаттар бағының коллекциясында жер бетін мекендейтін ең ірі құстар: эму мен казуар да бар.


zoo6


Экзотариумде тасқабаның қызыл құлақ, далалық, қабыланды, тепкі тырнақты сияқты және т.б. бірнеше түрлері бар. Рептилиялардың ішінде келушілерді жолбарысты және тор көзді питондар, су дракондары, хамелеондар, сылдырмақты жыландар, египет кең алқым жыланы қызықтырады. Бұдан басқа бұл жерде куба және сиам қолтырауындарын көруге болады.

Тұяқты жануарлар секциясының мақтанышы – оңтүстік-африка керіктері, жолақты жылқылары, азия пілдері, мүйізтұмсықтары, сусиырлары. Бөкендерге деген де қызығушылық аз емес: гну, ньяла, орикстер, сондай-ақ бұғылардың ең ірілері: бұхар бұғысы және марал. Бұл сұлу жануарлармен көршілес теңбіл бұғылар, еліктер, кербұғылар, сондай-ақ арқарлар, сібір таутекелері, бұрама мүйізді ешкілер, жабайы қойлар, сәнді камерун ешкілері, қойлар, Прежеваль жылқылары жүр.


zoo7


Алматы хайуанаттар бағында, әсіресе, мысық тұқымдас жыртқыш аңдар: арыстандар, амур және бенгал жолбарыстары, қар қабыландары, қиыр шығыс қабыландары, қара қабыландар, теңбілшерлер, пумалар мен сервалдар молынан бар.

Жер бетінде өмір сүретін аюлардың жеті түрінің хайуанаттар бағында үшеуі жүр: ақ аю, гималай аюы және Тянь-шань қоңыр аюы.
Маймылдар орналасқан торлы орындарда әрдайым адам көп. Бұл бөлімде мартышкалар мен макакалар, ақ қолды маймылдар және кампучия гиббондары, шимпанзе, шығыс колобусы бар.

Алматы хайуанаттар бағында африка керіктері жемісті түрде көбеюде, жыл сайын төлдейді.

Жолақты жылқылардың, еуропа кербұғыларының, түйелердің, Пржеваль жылқыларының, понилердің, теңбіл бұғылардың, арқарлардың, бұрама мүйізді ешкілердің, сәнді қойлар мен ешкілердің төлдері пайда болуда. Арыстандардың, амур жолбарыстарының, қабыландардың, қасқырлардың балалары өмірге ұдайы келуде. Жыл сайын макакалар, аққулар, қаздар, тырналар, тотықұстар, түрлі бауырымен жорғалаушылар, аквариумдық балықтар және көптеген басқалары өніп-өсуде.

Жоғарыдағы жазылғанды растау үшін мен, тобым және топ жетекшімен Алматы хайуанаттар бағына барып қайттық. Шын мәнді өз көзімізбен көргенге не жетсін. Бізді бақ жұмыскерлері өте жылы қарсалды және нұсқаушы соңына дейін біздің жанымызда жүрді. Барлық жануарларды көріп қайттық. Жағдайлары жақсы, қыстан күйлі болып шықты десе болады. Төлдеп, балапан шығарып жатыр. Әлі ауа райы тұрақталмаған соң кейбір жануарлар әлі де экзотариумде. Бақта ремонт жүріп жатыр жануарларға жазға жағдай жасауда. Нұсқаушы көптеген қызықты жайлар айтты біз білебермейтін. Мысалға: дүниеге жануарлар келсе ол жай жайлы орталыққа жеткізеді екен, сол кезде орталық ары қарай шешеді, не өз жеріңде қалдыруға немесе басқа баққа беруге. Осылайша алмасу барысында жануарлар бақтарында тепе – теңдік болады. Мысалы: болашақта прежеваль атын көбейтіп ары қарай бостандыққа жіберуді мақсат етіп отыр. Себебі бұл аттың түрі бостандықта тұруға жақсы қалыптасқан, кішкентай көрінгенімен өздерін қорғай алады. Олар тебеді, тістейді. Тағы бір жағдай жануарларға жақсы қарайтынын растайтын ол маймылдар мен күтушінің арасындағы жылы қарым қатынас. Күтушіні көрген кезде олар дыбыс шығарып, қуанышын іс – қимыл әрекеті арқылы білдіреді. Маймыл күтушінің қасына барып құшақтайды және отырған жағдайда аяғының бауып шешуге көмектеседі. Ал жас маймылдар көре салысымен дауыс шығарады, бармаған жағдайда даусынан өкпені байқауға болады. Тағы бір айта кететің жағдай жаңа түсілімдер жоқ екен әзірше және де олар соғыс уақытында көп жануар түрін жоғалтып алыпты. Себебі: көп жұмыскерлер соғысқа аттанғандықтан жануарлар күтімсіз қалды және бағу өте қиың болған. Маған бәрі ұнады болашақта тағы барамын.

Жануарлардың өздігінен табиғи емес жағдайда, жемісті түрде көбеюі – біздің хайуанаттар бағының жануарлары жақсы ортада екендігінің, тамақтануының және күтімінің қалыпты деңгейде екендігінің белгісі!


Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Просмотреть увеличенную карту