Жалпыұлттық «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының 10 жылдық мерейтойына арналған «Ағаш отырғызу — Мағыналы күн» акциясына орай , ағымдағы жылдың 31 –ші қазан күні 09:00 де Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімшілігі Алмалы ауданы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жасыл Ел» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып ағаш отырғызылды.
Аталмыш іс-шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Алмалы ауданы экология және қоршаған ортаны корғау бөлімі, Алмалы ауданы көріктендіру бөлімі, Алматы қаласы жастары оның ішінде: Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясының, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жасыл ел» ЖЕЖ мүшелері, Қазақ Ресей медициналық Университетінің Жастар ісі жөніндегі көмитеттерінің белсенділерінің қатысуымен, 31-қазан Сағат 09:00 де Панфилов және Төлеби көшелерінің қиылысындағы «Әлия мен Мәншүк» саябағында ағаш отырғызу акциясы өтті.
«Ағаш отырғызу — Мағыналы күн» акциясының қатысушылары жақсы көңіл күйде болыды, және өз ынталарымен Алматы табиғатын көркейтуін қалайтындығын көрсетті.

Ноябрь 3rd, 2015
admin 






Опубликовано в рубрике 





