2015 жылдың 7 қарашасында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова Айжамал Бейсенбековнаның жетекшілігімен 1 курс студенттері арасында «Терроризм және лаңкестік ұйымдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ашық іс-шараға әлеуметтік –гуманитарлық пәндер және құқық факультетінің оқытушы құрамы және 3 курс студенттері қатысты.
Осы іс-шараға қатысу үшін, ҚазЕжӘҚ академиясының «Қылмыстық – құқық пәндер» кафердасы Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, Журманов Даниярали Перналивич шақырылды.
Террор.Террор. Террор. Соңғы жылдары көзбен көріп, құлақпен естіп жүргеніміз тек осы террор ғана болды. Әлемнің ең мықты мемлекеті АҚШ-ты 11 қыркүйек 2001 жылы тізе бүктірген қанды сойқан, Мәскеу, Беслан, Бостон, Парижде жүздеген жазықсыз жанды о дүниеге аттандырды. Жас-кәрісіне, діні мен ұлтына қарамай бейкүнә тағдырлар қиылды. Дөңгелек үстел барысында осыншама адамды еңіреткен, мемлекеттерді дірдектеткен, адамзатқа шексіз шығын әкелген террор дегеніміз не өзі? Оның мақсаты қандай? Террордан қалай сақтануға болады? деген сұрақтарға студенттер шамалары жеткенінше жауап іздеп көрді.
ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деушілермен бірге «психологиялық соғыстың ғасыры» деушілерде бар.
Террордың сөздік мағынасы «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» дегенді білдіреді. Террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясын соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Бүгінге дейін сала мамандары мен филологтар қанша ұмтылса да террорға ортақ түсінік бере алмай келеді.
Террор дегеніміз адамдарды қаймықтыру, билеп-төстеу арқылы оларға белгілі бір идеология мен ұстанымды мойындату үшін зорлық-зомбылық жасау, күш жұмсау және лаң салу.
Терроршы ұйымдардың мақсаттары террор амалдары жасалатын мемлкеттің жағдайы және лаңкестерді басқаратын орталықтарға қарай өзгеріп тұрады.
Терроршылар лаңкестік амалдарды жоспарлағанда қоғамды ең осал жерінен ұруды ойластырады, үлкен жаңғырық шығаратын, халыққа қатты әсер ететін қылмыстарды жоспарлайды.
- Қазақстан республикасы Нью-Йоркте 2000 жылғы 10 қаңтарда жасалған «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы»;
- Нью-Йоркте 1998 жылғы 12 қаңтарда жасалған «Бомбалы терроризмге қарсы күрес туралы» халықаралық конвенцияларға қосылған;
- Еліміз Шанхайда 2001 жылғы 15 маусымда жасалған «Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы» Шанхай конвенциясы;
- Минскіде 1999 жылғы 4 маусымда жасалған «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроршылдыққа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы» шарттарды бекіткен;
- Германия, Венгрия, Чехия, Иран ислам республикасы, Литва республикасы, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан үкіметтері арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылған;
- Қазақстан республикасының 1999 жылғы 13 шілде №416-І «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпан №332 «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы.
Сонымен қатар студенттер мынандай сұрақтарға жауап берді.
1. Қазіргі дүниеде лаңкестік пен экстремизм неге кеңінен таралып отыр?
2. Лаңкестік пен экстремизмге қарсы қалай күресу керек?
3. Ислам дінінің терроризмге көзқарасы қандай?
Дөңгелек үстел барысында Студенттер Терроризмнің түп тармыры, террорлық акті жайлы зерттеу жұмыстары арқылы білімдерін толықтырып, өз бетінше тақырып бойынша іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге дағдылану, көзқарасын дәлелдеу, ой — өрісін дамытуды үйренді.
Саяси, патриоттық, туған жеріне, еліне құрмет сезімі арқылы азаматтық жауапкершілікке, халықтар достастығына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты деген ойдамын.

Декабрь 11th, 2015
admin 




Опубликовано в рубрике 





