Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен 07.10.2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойына орай «Қазақ елінің ұлы ұстаздары» атты іс-шара өтті.
Ұлы ұстазымыз, Академия Президенті Бесбаев Мұса Сұлейменұлы студенттердің патриоттық сезімін ояту мақсатында қазақ елінің тарихымен таныстырып, Тәуелсіздік оңайлықпен келмегені туралы, Тәуелсіздік үшін жанын қиған, халқымыз ешқашан ұмытпайтын ұлы тұлғаларымыз туралы баяндады. Сонымен қатар Академия студенттерін Отанын сүюге, елін, жерін құрмет тұтуға шақырды.
Студенттер алдымен Керей мен Жәнібек ханның бірігу туралы ойлары және жалпы Қазақ хандығын құру ойлары туралы көрініс сыйлады. Кейін, ағартушылық қызметінде өз орнын тапқан қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Алихан Бөкейханұлы, Мыржақып Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев және тағы басқа еліміздің өркендеу мен нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалар жайлы баяндады.
Іс-шарамызға Талғар аудандық кітапханасы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлері: Шурабекова Гүлбаршын Ирисбайқызы және Елемесова Гүлмария Нечановна қатысып кітап көрмесін ұйымдастырды, қазақ елінің ұлы ұстаздары туралы баяндама жасады. Мәдени – тынығу жұмысы мамандығының оқытушысы Мамбетбаева Асия Нұрмолдақызының ұйымдастыруымен сурет көрмесі өтті. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектебінің оқушысы Әбдібек Ерназаров әсем әуен сырлы сазды аспабында ойнап, өз өнерімен көрермендерді тамсандырды.

Октябрь 15th, 2015
admin 






Опубликовано в рубрике 





