Наурыз – бұл көктем мерекесі, жаңару мен табиғаттың оянуы. Наурыз ұлттық мереке ретінде тойланады. 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады.
Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады.
Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Осы орайда 20 жылдық тарихы бар, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында 18.04.2014 жылы «Армысың-әз Наурыз» атты наурыз мерекесіне орайланған іс-шара болып өтті. 20 жылдық тарихына орайластырған іс-шарада академия президентті,қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бесбаев Мұса Сүлейменұлы академияның 20 жылдық тарихында академия ұжымы жеткіншек ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогрес деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беріп,, оның мәдениеті мен жеке тұлғалақ қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасап, академияның мемлекеттік ЖОО –мен тең дәрежеде білім беріп, біршама жетістіктері туралы баяндап, жас ұрпаққа Наурыз мерекесінде бата беріп, оның ел тарихында орнының ерекше екендігі туралы айтып, жас ұрпақтың елбасы Н.Ә.Назарбаевтың негізгі Қазақстан жолы- 2050 «Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» ұстанымдарын ұстап, Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!- деп бата берді.
Іс-шара концерт, ұлттық ойындармен жалғасып, тәрбие ісі жөніндегі проректор Хусайнов Олег Баяхметұлының ұйымдастыруымен студентерге, академия ұжымына түскі ас берілді.
І курс студенті Намаз Мадина

Май 4th, 2014
admin 



Опубликовано в рубрике 





