«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.
Бүгінгі таңда қазақ халқымыз -Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлау үстінде. Осыған орай Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының 3 курс қазақ топ студенттері «Тарих –ғасырлар куәсі» атты ашық кураторлық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – әр бір студенттердің патриоттық сезімін және қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін бағалауға, отанын сүйуге, дәстүрлерін қадірлеуге, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу болып табылады. Халқымыздың бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз! Кураторлық сабақ той кереметімен «Адай» күйінің салтанатымен шашу шашылды, ары карай студенттердің биі ілесіп, Хандарға қысқаша презентация түрінде, хандарымыздың қазақ даласына қосқан жетістіктері еске түсірілді. Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Сабақ барысында студенттер көріністерін көрсетіп, өз патриоттық сезімдерін залға жеткізді.
Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық. Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып жастарға патриоттық тәрбие беріп

Октябрь 21st, 2015
admin 



Опубликовано в рубрике 





