Kazakh Belarusian English French German Italian Portuguese Russian Spanish Ukrainian

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың институционалды реформаларының бірі

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауларында аталып өткен заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін, соның ішінде жас ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау және еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімдерін ояту әрі оған құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесінің төрағасы Әбдішүкіров Мұрат Мұхтарұлы, Ауған соғысының ардагерлері кеңесі Алатау ауданының төрағасы Құрамысов Болат Ануарұлы, «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының кеңесшісі Серімбетов Қайрат Темірбекұлы, Алматы қалалык прокуратурасының төртінші басқарма бастығының орынбасары, әділет кеңесшісі Тлеубердиев Мурат Ажинурович, Алмалы аудандық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімі бойынша прокурордың аға көмекшісі Ерназарова Айнур Камалбековна мен Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының ұжымы қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.


IMG_0235

Дөңгелек үстелдің ашылуын кафедра меңгерушісі Е.Д. Абилкасымов ашты. Дөңгелек үстел барысында «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Жунусова Маржан «Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ҚР-ның тәуелсіздігін бекітудегі алатын орны», «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Амирова Асель «Азаматтардың құқықтарының қылмыстық процесте қорғалуы», «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Дайырбеков Қуаныш «Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі», «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Альбай Адиль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Бейсенова Мадина «Президенттің 5 институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 қадам Ұлт Жоспарын талдау» тақырыптарында баяндама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауларында аталып өткен заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өз пікірлерін ортаға салды.


IMG_0288

Дөңгелек үстел соңында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 5 мамыр 2015 жылғы жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасы мен 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауындағы нақты бағыттар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бекітудің бірден-бір жолы екендігін ескере отырып, осы Тәуелсіздікті бекіту және Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 5 мамыр 2015 жылғы жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасы мен 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауындағы нақты бағыттарды жүзеге асыру бағытында, Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясы, сот, құқық қорғау органдары және Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесімен бірлесе отырып, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды рухани патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында келесі іс-шараларды жүргізу қажет деп ұйғарылды:

1. Алматы қаласы бойынша орта білім беретін оқу орындарындағы жоғары сыныптардың оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды рухани-патриоттық сезімде тәрбиелейтін сабақтар өткізу;

2. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды рухани-патриоттық сезімде жаппай кешенді тәрбиелеу үшін Алматы қаласындағы Жоғарғы оқу орындарының студенттерін біріктіріп Студенттер алянсын құру.


IMG_0244
IMG_0405
IMG_0361
IMG_0400
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Просмотреть увеличенную карту