English Қазақ тілі Русский Кыргызча 简体中文

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясыңда Желтоқсан көтерілісіне арналған «Жастардың тарихи-танымдық» атты кездесу өткізілді

2017 жылдың  16 қарашада сағат 11-30 Қазақ  еңбек және әлеуметтік қатынастар  Академиясында Желтоқсан көтерілісіне арналған  «Жастардың тарихи-танымдық» атты кездесу өтті.  Кездесуге Босманова Үміт Кенжебайқызы «Желтоқсан жалауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, көтеріліске қатысқан – Мухаметалин Серик, Тоқбергенов Жамихат, Сайдахметова Роза   келді.  Студенттерге желтоқсан көтерілісін себептерін, оны кімдер және қалай ұйымдастырғанын, қанша адам қайтіп жапа шеккендігі, Тәуелсіздік бізге  оңай келмегендігі жайлы баяндады. Осы оқиғаға қатысты сотталғаны, жалпы өздерінің өмірлері, бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз екендігі туралы студенттерге жеткізді.

Кездесу  барысында Студенттер көптен көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Қатысқан қонақтар жастардың патриоттық сезімдеріне әсер етіп, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншелігін арттыруға үлесін қосты.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK