«АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық дәріс

Азаматтық қоғам — бұл индивидтер мен олардың топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін өнегелі, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметтік – экономикалық институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекетке тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен қозғалыстар;

5) тәрбие және мемлекеттік емес білім беру сферасы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.

«Азаматтық коғам» ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г. Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, К. Маркс және т.б. тұжырымдаған болатын.

Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Азаматтық қоғам мәселесіне байланысты Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының қабырғасында 2016 жылдың 26 қараша күні ашық дәріс сабағы өткізілді.

Сайып келгенде, Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы еліміздегі қоғамдық өмірді демократияландырудағы жетістіктері, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі тереңдеуінен көрінеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK