English Қазақ тілі Русский Кыргызча 简体中文

«Менің елімнің тарихы — менің тарихым»

2016 жылдың 20 қазанда сағат 12-00 Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған «Менің елімнің тарихы-менің тарихым» атты кездесу өтті.

Кездесуге Ұлы желтоқсан 1986 көтерлісі төрайымы — Лепесбаева Гүльнара Сабыргалиевна, көтеріліске қатысқан — Иманбаева Ханшайым Мұқатқызы келді.

Студенттерге желтоқсан көтерілісін себептерін, оны кімдер және қалай ұйымдастырғанын, қанша адам қайтіп жапа шеккендігі, Тәуелсіздік бізге оңай келмегендігі жайлы баяндады. Осы оқиғаға қатысты сотталғаны, жалпы өздерінің өмірлері, бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз екендігі туралы студенттерге жеткізді.

1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің заңды жалғасы еді. Қай кезде де ұлт өміріндегі белесті кезеңдер осындай қозғалыстардан бастау алған. Алматыда бас алаңын қызыл қанға бояған Желтоқсан көтерілісі – ұлт тарихының ең азалы беттерінің бірі. Қазақтың «желтоқсанынан» көптеген көтерілістер бастау алып, бодандық тамырына балта шабылды. Желтоқсан өз мақсатына, өз арманына жетті. Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қазақ жастары сол жолда құрбан болды. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылы желтоқсан боздақтары толығымен ақталып шықты.

Тәуелсіз ел болу үшін халқымыз талай қиыншылықтарды басынан өткізді. Сонау 1986 жылы халық тағдыры таразыға салынып, талан- таражға түскен уақытта «Отаным» деп соққан жұдырықтай жүректері жалындап жанған қазақ жастары қала көшелеріне бейбіт шеруге шыққан болатын. Дегенмен, Алматыдағы қазіргі Тәуелсіздік алаңындағы оқиға кеңестік жүйенің саясатына наразылық білдірген жастардың да, халықтың жадында. Өйткені, сол ызғарлы желтоқсанда қазақ елінің болашағы үшін алаңдап, бейбіт шеруге шыққан жастардың талайы жазықсыздан жазықсыз жапа шекті. Сол азаматтардың ерлігі бүгінгі жастарға өнеге.

Кездесу барысында Студенттер көптен көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Гүльнара Сабырғалиевнамен, Ханшайым Мұқатқызы жастардың патриоттық сезімдеріне әсер етіп, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншелігін арттыруға үлесін қосты.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK