English Қазақ тілі Русский Кыргызча 简体中文

Жастарды рухани байыту!

2017 жылдың қазан айының 13 жұлдызында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кураторлар 1-ші курс «МТЖ» қазақ және орыс топ студенттерімен бірге Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырысымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған Алматы мұражайына бардық. Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Мұражайға бару мақсатымыз жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана – тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісін қалыптастыру тұрады. Болашақ – жастардың қолында дей отырып бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді өскелең ұрпаққа көрсетуіміз тиіс. Студенттеріміздің мұражайға баруы арқылы халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы артқаны байқалды. Жастарымыз Алматы мұражайын қаламыздағы ерекше қызықты мұражайдың бірі деп атап өтті.



Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK