1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған жолдастық кездесу сайысы


1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған  жолдастық кездесу сайысы

2017 жылдың 28 қарашасында Нархоз университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша «Құқық» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Абилкасымов Егемберді Даирбековичтің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған ҚР Қылмыстық және ҚР Қылмыстық-процестік кодексі бойынша студенттердің білімін бекітуге арналған жолдастық кездесу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – студенттердің қылмыстық құқықтық пәндер саласында алған теориялық білімдерін жетілдіру және өзара екіжақтық тәжірибе алмасу болып табылады. Сайыста «Құқықтану» мамандығының 3 және 4 курс студенттері өздерінің университет қабырғасында алған білімдерін ортаға салып, ҚР Қылмыстық кодексі және ҚР Қылмыстық-процестік кодексі бойынша баптарды саралап, мәселелік есептер шығарып, тест тапсырмаларын орындады. Сайыстың екінші турында топпен жарыс өткізілді. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясынан топ болып «КазАтисо» атты командасы қатысты. Топ мүшелері «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті Жунисова Маржан жеке сайыс турында 1-орынды, 3-курс студенті Серікбаев Нұрболат 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, 3-курс студенті Четкельбаев Ерасыл сайысқа қатысқаны үшін марапатталды.

Нархоз Университеті ұжымының атынан Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы ұжымына сайысқа шақыруды қабылдап, студенттерін жоғары дайындықпен жібергені үшін алғыс хат жіберді. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан «КазАтисо» тобының жетекшісі «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Турабаева Д.С. осы жолдастық кездесу сайысына студенттерді даярлағаны және сайысқа төрелік жасағаны үшін Нархоз Университеті ректорының атынан алғыс хатқа ие болды.