Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының 25-жылдығына арналған «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттік пәндік олимпиада


Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының  25-жылдығына арналған «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттік пәндік олимпиада

2019 жылы 15-наурызда ҚР Президенті  Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау, сондай-ақ «Жастар жылында» жастарды кез келген салада қолдау мақсатында және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының 25-жылдығына орай «Құқықтану» мамандығы бойынша Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультеті «Құқықтық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттік пәндік олимпиада өтті.   

Олимпиаданы өткізудің басты мақсаты – болашақ заңгер мамандардың кәсіптік қабілеттерін айқындау, студент жастарды оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыру, студенттердің сөздік шешендіктерін, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына ықпал ету.

Студенттік пәндік олимпиада барлығы 4-турдан тұрды (1-тур ҚР Азаматтық құқығы, 2-тур ҚР Қылмыстық құқығы, 3-тур ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, 4-тур ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы пәндерінен) және «Құқықтану» мамандығы бойынша 3-4-курс студенттері арасында өтті.

Олимпиадаға Астана қаласынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен топ құрамы жетекшілерімен (жетекшісі Сәулен Н.), сонымен қатар Алматы қаласынан барлығы 6 университет, атап айтқанда, Нархоз университеті (жетекшісі Амиров Н.К.), Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекшісі Мейірбекова Г.Б.), Еуразия технологиялық университетінен 2-топ (жетекшісі Каражегитова Б.Е.), ҚР ІІМ Алматы академиясы (жетекшісі Иниртбаев Е.М.), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (жетекшісі Сыздыкова А.А.), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы (жетекшілері Махмадинов Д.М., Турабаева Д.С.) – барлығы 8-топ қатысты. Олимпиаданың 1-2-туры – жазбаша нысанда, 3-4-туры – ауызша нысанда өтті, әділқазылар алқасы ретінде Сарбонна-Қазақстан Университетінің доценті, әділет кеңесшісі Абдрешова С.М., з.ғ.д., профессор Абдрашев Р.М., Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшелері, әрекет етуші адвокаттар Жанбаев М.А., Идрисов Р.Д. олимпиадаға қатысушылардың білімдеріне әділ баға беріп, тәжірибе жүзінде кездесетін ұсыныстары мен ескертулерін келтірді.

Олимпиада қорытындысы бойынша, 1-дәрежелі диплом мен кубокқа Нархоз университетінен келген топ құрамы иеленді, 2-дәрежелі дипломды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 3-дәрежелі дипломды ҚР ІІМ Алматы академиясы иеленді. 

Сонымен қатар, әрбір тур бойынша «Ең үздік жауап», «Ең үздік оратор» сынды номинациялар бойынша үздік білімдерін көрсеткен қатысушылар, әділқазылар мүшелері мен топ жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды.