Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ана тілім – асыл қазынам» атты тәрбие сағат


24 қараша 2016 жылы 1-курс, халықаралық қатынастар бөлімі студенттерімен «Ана тілім –асыл қазынам!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында «Ана тілім –асыл қазынам» деген тақырыпта топ студенті Ә.Альбай ана тілінің құдіреті жайлы қысқа әңгімелеп берді. Одан әрі З. Хасанова Қазақстан мемлекетінің тіл туралы Заңның өзекті жерлерімен таныстырды. Студенттер Заңға қатысты өз ойларын сұрақ ретінде қойып, жауап алды.

Қазақ тілінің түркі тілдеріне жататындығын, түркі тілдеріне жататын қырғыз, құмық, әзербайжан, татар, башқұрт, т.б. тілдерімен ұқсастығы жайлы А. Сейітоварет-ретімен і айтып берді.

Тәрбие сағатының соңына қарай студенттер мақал-мәтелдер айтып, жарысты. Студенттер өте белсене қатысып отырды.

Қорыта айтқанда, бірнеше ұлт өкілдері оқитын осы топ студенттері ана тілі – қазақ тілінің қадір-қасиетін түсініп, құдіретін таныды. Болашақта оның мәртебесі жоғары болатындығына тағы бір көз жеткізді.