Доцент С.Б. Тілеубаевтың «Арқалық батыр жыры: нұсқалары, зерттелуі» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті


Доцент С.Б. Тілеубаевтың «Арқалық батыр жыры: нұсқалары, зерттелуі» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті

2018 жылдың 13-ші ақпаны күні сағат 12.00-де академияның Ғылыми кеңестер залында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы меңгерушісінің, ф.ғ.к., доцент С.Б. Тілеубаевтың «Арқалық батыр жыры: нұсқалары, зерттелуі» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы: «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты мақаласында тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология мамандықтары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге  қажетті жағдай жасауға  тиіспіз. Туған халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде  сақталған біртуар перзенттері бар. Оларды жас ұрпақ біліп өсуге тиіс, – деген болатын.

Осы орайда, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы, Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультеті, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к, С. Тілеубаевтың «Арқалық батыр жыры: нұсқалары, зерттелуі» атты монографиясы туған әдебиетіміздің тарихының ашылмаған, зерттелуде кенжелеп қалып, насихатталуы кемшін соғып жатқан тұстарын толықтыруға септігін тигізетін жұмыстардың бірі. Арқалық батыр – тарихта болған, қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында аянбай ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың арасында өзіндік орны бар айтулы тұлға. «Арқалық батыр жыры» – батырдың ерлік істерін дәріптеуге, оның өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен эпостық жырларымыздың бірі.

Аталмыш іс-шараларға келесі қонақтар қатысты:

1. ҚР Жазушылар Одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын – Нұрлан Оразалин;

2. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті, «Абай» Ғылыми –зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор – Жанғара Дадебаев;

3. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор – Өмірхан Әбдиманұлы;

4. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, ф.ғ.д., – Анарбай Бұлдыбай;

5. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын, қоғам қайраткері – Жанарбек Әшімжан;

6. Арқалық батырдың ұрпағы – Ұлан Бапай;

7. Сүлеймен Демерелі университетінің доценті, ф.ғ.к., – Жолдасбек Мәмбетов;

8. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері – Ерболат Баятұлы;

9. Нұр-Мұбәрәк университетінің доценті, т.ғ.к., – Досымбек Хатран;

10. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті, «Қазақ университеті» баспасының редакторы – Ағила Хасанқызы;

11. «Жас қазақ» газетінің бас редакторы – Срайыл Смайл.