Отбасы Күні


2016 жылдың 6 қыркүйек айында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Құқықтық пәндер» кафедрасында Қазақстан Республикасының Отбасы Күніне арналған Дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде келесі тақырыптар бойынша сұрақтар қарастырылды:

• Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі

• Алименттік жаза тағайындауда теориялық тәжірибелік сұрақтар бойынша мәселелер

• Баланы отбасына орналастырудың замануи тенденциялары және даму перспективаларының түрлі нысандары

• Неке – отбасы қатынастарын рим құқығы мен дәстүрлі құқық бойынша реттеу.

Дөңгелек үстелге ҚазЕжӘҚА басшылары, қызметкерлері мен оқытушылары, сонымен қатар академия студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелді ҚазЕжӘҚА ғылым жөніндегі проректор Успанов Жолдыбай Тюльматович ашты. Успанов Жолдыбай Тюльматович алғы сөзінде қазақстандық неке – отбасы заңнамасы бойынша негізгі кезеңдеріне мінездеме беріп өтті. Сонымен қатар отбасын қолдау барысында Қазақстан Республикасының саясатының мемлекеттік мақсаттары мен міндеттеріне де тоқталып өтті.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жусупов Алмат Асылбекович қылмыстық және азаматтық заңнамадағы жаңашылдық бойынша отбасы қатынастарындағы алиментттік сұрақтарды шешудің мәселелерін ашты.

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мусина Баграш Бекишевна өзінің сөзінде отбасын құруда қазіргі қоғамның жауапкершілікпен атқаратын міндетіне өте көңіл бөлу керек екендігін атап өтті.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Туякбаева Айгерим Саматовна Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша 9000 жетім балалар саны, екі мыңнан астам отбасылар жетім балаларды қамқорлығына алуға ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларды қонақжай отбасы деген жаңа бағдарламамен, сонымен бірге Бірыңғай мемлекеттік тұлғалардың тізімін рәсімдеу мен қонақжай отбасына тілік білдірген балаларды қабылдау бағдарламасымен таныстырды.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Есетова Салтанат Конусбаевна өзінің мақаласында дәстүрлі қазақ қоғамында ежелгі рим құқығындағы неке – отбасы тарихына көңіл бөлді, бұрыңғы қазақ қоғамындағы дәстүрлік нормалармен қәзіргі кезде сол нормалардың жүзеге асып жатқандығын салыстыра атап өтті.