Menu

«Рухани жаңғыру» аясында «Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында өткізілген семинар

2019 жылдың 28-ақпанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қожғалыс «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Сейсмология институты ЖШС-і Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Рухани жаңғыру» аясында «Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты — ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» бағдарламасы бойынша  ЖОО мен кәсіби орта оқу орындары оқытушылары мен студенттер арасындағы байланысты нығайту, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасауға бағыт-бағдар беру.

Осыған байланысты жоғарыда аталған бірлестік тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбымен Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультеті «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Д.С.Турабаева семинарға қатысу үшін шақырылды.

Д.С. Турабаева өз баяндамасында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың жоғарғы және орта кәсіби оқу орындарында  қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі екендігін және сол мәселелерді шешудің бір әдісі осы оқу орындарында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін оқыту екендігін түсіндіріп өтті. Қазақстан Халқына Жолдауында Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сондықтан Елбасымыз атап өткендей, жастарымызды, еліміздің болашағын әр салада қолдауымыз керек. Сондықтан Д.С. Турабаева семинар барысында өз баяндамасында жастардың азаматтық, рухани, патриоттық, адамгерщілік, құқықтық, мәдени т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процестерін жүзеге асыру үшін оқу орындарының мүшелерін үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігін атап өтті.

«Рухани Жаңғыру» — барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет. 

Сондықтан Мемлекет басшының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын арттыру мақсатында ЖОО мен орта кәсіби оқу орындары қабырғасында өткізіліп отырған семинардың мәні студенттердің ғана емес, барлық осы салада жұмыс атқарып жатқан қызметкерлердің де бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда аса зор екендігін атап өтуге болады.


Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK