«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н. Макиавеллидің «Патша» еңбегін талдау кітап-оқылымы өтті


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н. Макиавеллидің «Патша» еңбегін талдау кітап-оқылымы өтті

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.

Н.Назарбаев

2018 ж. наурыз айының 13 жұлдызында Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясында әлеуметтік ғылымдар және құқық факультетінің және Алматы Экономика және құқық колледжі студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н. Макиавеллидің «Патша» еңбегін талдау кітап оқылымы өтті. Іс-шара барысында «Құқықтану» мамандығының 1-2 курс  студенттері Н. Макиавеллидің «Патша» кітабын оқып, түйген ойларын ортаға салды.

«Патша» шығармасы – мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туынды.

«Егер патша хайуандардың тәсілін үйренуге мәжбүр болса, түлкі мен арыстанды таңдап алуға тиіс, арыстан қақпаннан қорқады, ал түлкі қасқырдан қорқады, қақпанды айналып өту үшін түлкі болуы, ал қасқырды қорқыту үшін арыстан болуы керек,» – деп жазылған еңбекте.

Арыстанға ұқсас адамдар қақпанды байқамайды, ақылды билеуші егер берген  уәдесі өзінің қызығушылықтарына қайшы келсе, сөзінде тұруы міндетті емес. Егер адамдар өз сөздерінде тұрса, бұл кеңесім жарамас еді, адамдар сөзінде тұрмаса, сен де тұруға тиіс емессің. Себебі, билеуші өз әрекеттерінде дұрыс деп тапқан әдістер мен шараларды қолдана алады, ал бұл мақсатта айтылған уәделер мен анттар бұзылса, әдептілік қағидалары мен адамгершілік принциптері аяққа тапталса, онда тұрған ештеңе жоқ, билеуші оған бола бас ауыртпауы керек. Өйтпеген жағдайда саясатта мақсатқа жету қиынырақ соғады».

«Макиавеллизм» аталған Н. Макиавеллидің ілімі саясат пен билікте өз мақсатыңа қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бұл әдіс амалдарын жеке бастың мүддесі емес, қоғам мен мемлекет игілігі үшін, елдің тұтастығы мен бірлігі үшін қолдануға кеңес береді.

Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасында кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Студенттер сонымен қатар, мақал-мәтелден жарыс және М. Мақатаев, М. Шаханов шығармаларын жатқа оқыды. Куратор Г.К. Рашева мен Б.Т. Абулкаирова іс-шараның қызықты да мазмұнды өтуіне белсене ат салысты. Шара соңында студенттер келесі кітап оқылымын М. Әуезовтың «Абай жолы» еңбегіне арнауды ұсынды.