«Ядросыз әлем» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел


Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында 2016 жылдың 29 қараша күні «Ядросыз әлем» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға халықаралық қатынастар, психология мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында ядролық қарудың қазіргі таңдағы қолданылу қаупі, ядролық қаруы бар мемлекеттердің мақсаттары мен ниеттері, Қазақстан Республикасының аталған мәселеге қатысты саяси көзқарасы жайлы талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен Семей полигонының жабылғаны жалпы ядролық қарулардың қолданылуы туралы бейнероликтер көрсетіліп, тарихына терең үңіліп, мұндай жауыздықтың қазіргі таңға дейін көрсеткен зардабы мен азабы туралы баяндалды.

Іс-шара барысында студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, бұл мәселені шешу үшін ядролық қаруы бар мемлекеттер Қазақстан Республикасынан үлгі алуы қажет деп қорытындылады.