Kazakh Belarusian English French German Italian Portuguese Russian Spanish Ukrainian

Сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты ғылыми конференция өтті

10 желтоқсан күні Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студент жастардың мәдениеті: методикалық және методологиялық негіздері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Бұл басқосуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті бөлім бастығы М.А. Анапин және білім ордасының басшылығы, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференцияны ашқан Академияның тәрбие ісі және қызметкерлері жөніндегі проректоры О.Б. Хусаинов: «Бұл шараның маңызы орасан зор. Қазіргі кезеңнің студент-жастары «сыбайлас жемқорлық» ұғымын толықтай түсінеді. Студент қауымның құқықтық білімдерін арттыру арқылы олардың құқықтық мәдениеттерін жетілдіруіміз керек. Ол үшін осындай айтулы кездесулерді жиі-жиі өткізіп отыруымыз қажет. Соның нәтижесінде студент-жастар өнеге-үлгі алады, тәлімді тәрбиеленеді, бұл шара тек студенттерге ғана емес, сонымен қатар оқытушылар қауымына тікелей бағытталады», – деді өз сөзінде.


konfkor1


Ал, оқу орнына арнайы келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті бөлім бастығы М.А. Анапин өз баяндамасын бастамастан бұрын, сыбайлас жемқорлық мазмұнындағы бейнеролик көрсетуді ұсынып, ары қарай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралар өткізумен ғана шектелмеуі тиіс. Бірінші кезекте балаларды, студент-жастарды сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға тәрбиелеу қажет» деп, мәні зор мазмұнды баяндамасын аяқтады.


konfkor2


Конференция барысында студент-жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.


konfkor3


konfkor4


Конференция барысында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, з.ғ.к., доцент Е.Н. Бегалиев «Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері туралы», тәрбие жұмысы және қызметкерлері жөніндегі проректор, з.ғ.к., доцент О.Б. Хусаинов «Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясындағы оқытушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті қалыптастыру және дамыту», қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Турабаева Д.С. «ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың құқықтық сипаттамасын тереңірек оқытудың қажеттілігі», «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Жунисова М. «Академиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: студенттер көзқарасымен» атты тақырыптарда өз баяндамаларын жасап, студент-жастарды жемқорлыққа жол бермеу үшін күресуге шақырды.

ЖОО қабырғасындағы студенттер қауымын қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беру — бұл осы конференцияның негізгі түйіні болып табылмақ.


konfkor5


konfkor6


konfkor7


konfkor8


Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Просмотреть увеличенную карту