«Ана тілім — ардағым» атты фестивалі


2016 жылдың 22-қыркүйегінде Юо/к-15, Юопк/к-15, Юо/к-16 және Юопк/к-16 топтарының студенттері мен Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының оқытушылары Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан халқының тідері күніне арналған дәстүрлі «Ана тілім — ардағым» атты фестиваліне барды.

Фестивальді Алматы қаласының әкімдігі Бауыржан Байбек салтанатты түрде ашты. Ол Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады.

Сонымен бірге, мерекеде Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Еліміздің Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», сол себепті тілімізді құрметтей білейік.