Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының студенттері «Құқықтану» мамандығы бойынша Пәндік олимпиададан жеңіспен оралды


Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының студенттері «Құқықтану» мамандығы бойынша Пәндік олимпиададан жеңіспен оралды

«Verum plus uno esse non potest»

 

2018 жылдың 28 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінде Экономика және құқық Факультеті Халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану» мамандығы бойынша Пәндік олимпиада өткізілді. Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының студенттерінен құралған «Verum» тобы пәндік олимпиадаға белсенді қатысты.

Студенттер олимпиада барысында бірінші турда «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық» және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша, екінші тур барысында «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық» және «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы» кейс есептер мен типтік тапсырмалар шешсе, үшінші тур барысында «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша сот процесіне қатысты.

«Құқықтану» мамандығының 3-4 курстары студенттері Серікбаев Н., Абдрахманова Н., Орынбасар М., Кушалиева Ф. академия қабырғасында алған  теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, тәжірбие жүзінде жүзеге асыра білді. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берумен қатар, кейс тапсырмаларын шешу барысында ұтқырлық таныта білді.


Олимпиада қорытындысында, аймақтық он университет топтары арасынан Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының «Verum» тобы жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, «Verum» тобын олимпиадаға дайындағаны үшін «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Рашева Гульнур Койшыновнаға алғыс хат табысталды.

Сөз соңында, «Verum» тобын жеңісімен құттықтай отырып, болашақта шығармашылық табыстар тілейміз.