MEN JASTARĞA SENEMIN!


MEN JASTARĞA SENEMIN!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!

М. Жұмабаев

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «MEN JASTARĞA SENEMIN!» атты студент жастардың VI республикалық патриоттық форумы болып өтті. Форумның  «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты эссе байқауында Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті Мерген Ернар Ермекұлы белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Мерген Ернар: «Бойында қазақтың қаны бар әрбір қазақтың жүрегінде намысы мен ерекше жігері мен рухы бар адамдар өз елі үшін жанында қия алады. Ел басына күн туғанда артқа қарай шегінбей, жаудың өзіне ұмтылып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, кең байтақ дархан даланы қорғауға білек сыбана кірісеміз. Мен қазақ болып туғаныма қуанамын, өз Қазақстанымды шексіз сүйемін және мақтан тұтамын, елімнің гүлденуі үшін үлес қосамын!».