ҚазЕжӘҚА студенттері Кинологиялық орталықта


ҚазЕжӘҚА студенттері Кинологиялық орталықта

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Кинологиялық орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласындағы «Кинологиялық орталығында» 2018 жылдың 28-қыркүйегінде «Құқықтық пәндер» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес кафедра меңгерушісі О.Б.Хусаинов, топ кураторлары Д.Д. Сатыбалдинов және Д.С. Турабаеваның жетекшілігімен тәжірибелік сабақ тұрғысында «Құқықтану» және «Кеден ісі» мамандығының 1 курс студенттері орталықтың қызметімен танысып қайтты.

Іс-шара барысында студенттер орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар олардың назарына кинолог-мамандардың арнайы үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткі мен психотроптық заттар, жарылыс құралдары, қарулар, валюта және дериваттарды іздеп табу мақсатында әр түрлі амал тәсілдер мен көрнекi көрсетулер ұсынылды. Қызметтік иттердің жасырынған заңсыз заттарды еш қиындықсыз таба алатындығы біздің студенттерді таң қалдырмай қоймады.

Кинологиялық орталықтың басшысы Смаков Р.Ж. және басшының орынбасары Турсынбаев А.Т. мырзаға Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!