Жарықты өшір, суды үнемде, бір жақсылық жасадым де!


Жарықты өшір, суды үнемде, бір жақсылық жасадым де!

Жаңа технологиялардың маңызы неде?

          Ең алдымен, біз жақында энергияны үнемдеу өмір салтына көшеміз. Сондықтан, компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары мен еліміздің барлық азаматтары осы тенденцияны ескеріп, энергияны  үнемдеу жолдарын ойластыру керек.
Энергияны үнемдеудің  нәтижесі әлемдік деңгейде энергияның жұмсалуын төмендету мен  оның дамуы мен тұрақтылығына алып келеді.

Назарбаев Н.Ә.

 

Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз.

Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде.

Студенттермен кураторлық жұмысты жоспарлау барысында «Экологиялық тәрбие беру» бағыты бойынша:
• энергияны үнемдеу;
• суды үнемді пайдалану;
• қалдықтарды, оның ішінде макулатура жинау мәселесі қолға алынуда.

ҚазЕжӘҚА Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультеті «Заңтану» мамандығы 1, 2 курс студенттері АКЭП студентерімен бірге және топ кураторлары Абулкаирова Б.Т., Рашева Г.К. ұйымдастыруымен  «Жарықты өшір, суды үнемде, бір жақсылық жасадым де!» атты акция өткізді. Бұл акция энергия мен суды үнемдеуге шақыруға бағытталған. Акцияға қатысты логотип таратылып, тәрбиелік іс шара өткізілді. Акция ӘҒжҚ факультетінде және корпуста, асханасында студенттердің қатысуымен өтті. Студенттер осы шараға арнайы эмблемасы бар, логотип пен футболкалар дайындады.

Келешекте осы акцияны тек ӘҒжҚ факультеті деңгейінде ғана емес, университетің қолдауымен барлық факультеттерде өткізу жоспарлануда.